Қарапайым сағыздың салмақ тастауға көмектесетіні рас па?

Источник: nur.kz

Жапониялық ғалымдар сағыз шайнаудың тиімді тұстарын анықтады. Белгілі болғандай, сағыз артық салмақтан арылуға көмектеседі екен. Бұл туралы NUR.KZ порталы brestnote.by сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Токиодағы Васэда университетінің ғалымдары 21-69 жас аралығындағы 46 ерікті адамға зерттеу жүргізген.

Олардың жартысы екі дана сағызды серуендеу кезінде 15 минут бойы шайнайды. Нәтижесінде сағыз шайнағандардың көбірек энергия шығындағаны анықталды.

"Серуендеу кезінде сағыз шайнау егде жастағылардың көбірек энергия жұмсауына әсер етіп, артық салмақтан арылуға көмектескен", — дейді ғалымдар.

Дегенмен серуен кезінде сағызды абайсызда жұтып қоюдан сақ болу керектігін ұмытпаған жөн.