Ішімдік пен темекіге тәуелділікті емдеудің оңай жолы табылды

Источник: nur.kz

АҚШ-тағы Буффало университетінің ғалымдары ішімдік пен есірткі тәуелділігін емдеуде қарапайым физикалық жаттығулардың көмегі зор екенін анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Мамандар спорттық жаттығулар аясында орын алатын медикаментозды терапияның адам бойындағы жаман әдеттерден арылтуға елеулі түрде көмектесе алатынын дәлелдеді.

"Жаяу жүру, жүгіру қол-аяққа салмақ түсірудің өзі нейромедиатордың көбею көрсеткішін төмендетіп тастайды. Ол өз кезегінде адамның тәуелділік сезімін анағұрлым бәсеңдетпек" , — деп айтты ғалымдар.

Соған қарағанда, ішімдік пен есірткіге деген тәуелділікті жеңу үшін қыруар ақшаға курстарға барғанша, қарапайым жаттығуларды жасаған жөн.

Зерттеушілердің айтуынша, аптасына 150 минутын физикалық жаттығуларға арнағандардың артрит, диабет және түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі азая түседі.