Кітап оқу адамның өмірін ұзартатыны рас па?

Источник: nur.kz

АҚШ ғалымдары күйзелістен арылып, өмірді ұзартуға кітап оқу көмектесетінін дәлелдеді деп жазады news.angolenko сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зерттеу нәтижесінде ғалымдар күніне 30 минут кітап оқитын адамдардың ұзақ өмір сүретінін анықтаған. Алайда одан да жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күніне кемінде 200 минут кітап оқу керек екен.

Зерттеу 12 жылға созылған. Осы уақыт аралығында, өкінішке қарай кітап оқитын адамдардың саны біршама азайғаны анықталыпты.

Кітап оқитын адамдардың есте сақтау қабілеттері күшті және жасына қарамастан ақыл-ойлары ұшқыр болады екен.

Сонымен қатар, жатар алдында кітап оқу адамның хал-жағдайын жақсартып, ағзаны аурулардан қорғауға көмектеседі.

Ұйқысыздықпен күресуде де оқудың көмегі зор. Кітап оқу кезінде сана мен ми ұйқыға дайындалады.

6 минут кітап оқу күйзеліс деңгейін 68 пайызға төмендетеді.

Сондай-ақ, ғалымдар инфаркт пен инсульттың алдын алуға да оқудың тигізер көмегі мол екенін анықтаған.

Кітап оқу әсіресе егде адамдарға пайдалы екен. Миды жаттықтырып, алжудың алдын алуға көмектеседі.