«Әлем аруы-2018» атанған мексикалық хас сұлу жайлы не білеміз?

Источник: nur.kz

"Әлем аруы-2018" атанып, жұлдызы жанған мексикалық сұлу Ванесса Понсе де Леон туралы кейбір деректерді NUR.KZ назарларыңызға ұсынды.

Ванесса 1992 жылы Гуанахуато қаласында дүниеге келіп, елдің астанасы Мехикода бойжеткен.

lenta.ru-дың хабарлауынша, 26 жастағы бойжеткен "Әлем аруы" байқауында жеңімпаз атанған алғашқы Мексика өкілі.

Ванесса өзінің модельдік мансабын 2014 жылы Mexico's Next Top Model реалити-шоуының бастаған. Бұл сайыста да жеңіске жеткен бойжеткен 2018 жылы "Мексика аруы" атанады.

Rappler басылымының жазуынша, Ванесса Гуанахуато университетінде халықаралық бизнес саласында ғылыми дәрежеге ие болып, адам құқығы мамандығы бойынша диплом алған.

Бүгінде бойжеткен жергілікті тайпалардың балаларына мәдениетаралық білім беретін мектепте сабақ береді және ол қыздарға арналған оңалту орталығының директоры.

Ванесса Понсе де Леон өзінің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеуді жаны сүйетінін айтады және бойжеткен әрбір адамды өмірінде бір рет болса да, ерікті болып көруге шақырады.

Ванесса — тек ерікті, модель ғана емес ол тележүргізуші. Бойжеткен бос уақытында волейбол және сурет салумен айналысады.